"Тіл – халықтың рухани байлығы" тілдер апталығы
13.09.2026
"Күншалған ауылының ЖОББ мектебі"КММ бойынша Тілдер апталығы ашылды. Тіл – халықтың рухани байлығы, ұлттық болмысы мен мәдениетінің айнасы. Апталықты қазақ тілі және әдебиет пәні маманы Бекей Жанбота мұғалім ашып берді. Ана тілімізді құрметтеу – туған елді, туған жерді құрметтеумен тең. Тілдер апталығы – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін жетілдіруге, өз ойын еркін жеткізуге және бірнеше тілді құрметтеуге мүмкіндік беретін маңызды шара. Апталық барысында түрлі сайыстар, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыстар мен қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқушыларды белсенді қатысып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетуге мектеп директоры Садвокасова Гүлбаршын Анасовна құттықтап өтті! Тіліміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын! Тілдер апталығы құтты болсын! Баршаңызға сәттілік, көтеріңкі көңіл-күй және шығармашылық табыс тілейміз!
