«Мен және менің отбасым» тақырыбында сынып сағаты
13.09.2026
«Мен және менің отбасым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді Оқушылардың отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында Тілеуова Орынша Қасымханқызы өткізді. Іс-шара барысында оқушылар отбасы, ата-ана, бауыр, отбасылық құндылықтар туралы өз ойларымен бөлісіп, отбасының адам өміріндегі маңыздылығы туралы пікір алмасты. Оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмалар орындап, өз отбасылары жайлы әңгімеледі. Сынып сағаты барысында оқушыларға отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімділіктің, татулық пен бірліктің мекені екені түсіндірілді. Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат қазына. Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, берекеміз мол болсын! ❤️
