"Жол қауіпсіздік ережесі " 1 сынып оқушыларымен жүргізілген іс-шара
15.09.2026
"Күншалған ауылының ЖОББ мектебі"КММ бойынша 1 қыркүйек – Білім күніне орай 1-сынып оқушыларымен жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ауылдың учаскелік полиция инспекторы оқушыларға жолда жүру ережелері, бағдаршамның қызметі, жаяу жүргіншілер өткелінен өту тәртібі және жол бойында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға көшеде және жолда абай болу, жол белгілеріне назар аудару және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі айтылды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Іс-шараның негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының жол қауіпсіздігі туралы білімдерін қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
