Дублер күні

07.10.2026

Ақмола облысы Ерейментау ауданы бойынша Ұстаздар күні мерекесіне орай Күншалған ауылының «ЖОББ мектебі» КММ-де «Дублер күні» ұйымдастырылды.Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұстаз еңбегін тереңірек түсінуіне мүмкіндік беру, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мұғалім мамандығына деген құрметін арттыру. «Дублер күні» барысында жоғары сынып оқушылары ұстаздардың рөлін атқарып, білім алушыларға сабақ жүргізіп, оқу үдерісіне белсенді қатысты. Оқушылар өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап, сабақ барысында өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара оқушылар үшін қызықты әрі мазмұнды өтіп, ұстаздық мамандықтың үлкен жауапкершілікті, білім мен шыдамдылықты қажет ететінін сезінуге мүмкіндік берді.

Жүргізген: Тәлімгер Калакова Айдана Бериковна 

Просмотров: 9


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу