Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлғат» атты мерекелік концерт
07.10.2026
Ақмола облысы
Ерментау ауданы
Күншалған ауылының «ЖОББ мектебі» КММ-де Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлғат» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздар арнайы шақырылды. Қадірлі қонақтарға мектеп ұжымы мен оқушылары тарапынан ерекше құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары таратылды, жылы лебіздер айтылды. Концерт барысында оқушылар ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп, өлеңдерін оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Ұстаз еңбегінің қадірі мен мәртебесін дәріптеген әсерлі қойылымдар көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Жүргізілгендер: ДТІО Боканов Айнагуль Сматаевна және Тәлімгер Калакова Айдана Бериковна

Просмотров: 14