өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентін сайлау

10.10.2026

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Күншалған ауылының «ЖОББ мектебі» КММ-де оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентін сайлау шарасы өткізілді. Сайлаудың мақсаты — оқушылардың белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және мектеп өміріне деген жауапкершілігін қалыптастыру. Сайлау барысында оқушылар өз таңдауларын жасап, дауыс беруге белсенді қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша:
- Баянбай Мұхтар — 7 дауыс;
- Аманбай Інжу — 12 дауыс;
- Төленді Дария — 26 дауыс.
Дауыс беру нәтижесінде 26 дауыс жинаған Төленді Дария мектеп президенті болып сайланды! Төленді Дарияны жеңісімен құттықтаймыз!  Ал Аманбай Інжу автоматты түрде "Ұланбасы" болып тағайындалады. Алдағы жұмыстарында  сәттілік, жаңа идеялар мен жарқын бастамалар тілейміз. Мектеп өміріне белсенді араласып, оқушылардың сенімін ақтайды деп сенеміз!

Ұйымдастыру жұмысын жүргізген: Тәлімгер Калакова Айдана Бериковна 

   

Просмотров: 8


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу