1 қазан - Халықаралық қарттар күні

14.10.2026

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Күншалған ауылының «ЖОББ мектебі» КММ ұжымы ауыл әкімдігі және клуб меңгерушісімен бірлесе отырып,  Қарттар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.Іс-шараның басты мақсаты – ауылымыздағы қазыналы қарттарға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесін үлгі ету, үлкенге ізет, кішіге өнеге көрсету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Мерекелік шара барысында қарттарға жылы лебіздер айтылып, ізгі тілектер мен алғыстар білдірілді. Мектеп оқушылары мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынып, ән айтып, өлең оқып, үлкендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерге көрсетілген құрмет – жас ұрпаққа үлкен тәрбие. Осындай игі шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, үлкенге деген сыйластық пен қамқорлықтың маңызын көрсетеді. 

            

Просмотров: 6


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу